Қандай тағамдар адам өмірін қысқартатыны анықталды

12:20, 24 қаңтар 2019

Қуырылған азық-түлік денсаулыққа теріс әсер етеді. Тіпті қуырылған тауықтың бір порциясының өзі мерзімінен бұрын өлу қаупін 13 процентке арттырады екен.

Сонымен қатар, қуырылған балық немесе теңіз өнімдерін пайдалану өлімді 7%-ке жақындатады. Америкалық ғалымдар осындай қорытынды жасады, деп хабарлады sputniknews.kz.

Сарапшылар экспериментке 50-ден 79 жасқа дейінгі 100 мың әйелді қатыстырды. Олардың денсаулығын 18 жылдан астам уақыт бақылаған. Осы уақыт ішінде ғалымдар тамақты тұтыну порциясы мен жиілігін ескере отырып, 122 түрлі азық-түліктің ағзаға әсерін бағалады.

Қуырылған тамақты күніне бір немесе бірнеше рет жейтіндер жүрек ауруына 8%-ке көп шалдығатыны белгілі болды.

Эксперименттің басында ғалымдар қуырылған теңіз өнімдері шикі түрінде пайдалы заттарға бай болатынын ескере отырып, олар денсаулыққа кері әсер етпейді деп болжаған. Алайда, зерттеу кез келген қуырылған тамақ жүрек-тамыр жүйесі жағдайын нашарлатып, қант диабетін дамытуы мүмкін екенін көрсетті.

Зәйтүн майын қолданғанда қуырылған тамақтың денсаулыққа теріс әсері азаяды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ғалымдар жартылай фабрикат өнімдер қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ғалымдар кеш тамақтану денсаулыққа қауіпті екенін анықтады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!