Канадада орман өртінен 2 мыңдай тұрғын эвакуацияланды

12:27, 3 қыркүйек 2017

Канадада ормандар отқа отқа оранды.

CTV арнасының хабарлауынша, Саскачеван провинциясының 2 мыңдай тұрғыны эвакуацияланған. Провинцияның солтүстігіндегі 4 елді мекенде төтенше жағдай жарияланды. Мыңға тарта адам Саскатаун қаласына, ал 1 мың 300 тұрғын Принс-Альберт қаласына көшірілді. Саскачеванның солтүстігіндегі 3 өрт ошағы әлі ырық берер емес. Апаттың зардаптары туралы ақпарат келіп түскен жоқ.  Еске сала кетейік, бұған дейін тілсіз жаудың кесірінен Канададан 5 мыңға жуық адам эвакуацияланған болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!