Канадада оқитын қазақ студенті көз жұмды

09:32, 25 желтоқсан 2019
1157

Канадада колледжде оқитын қазақ студенті қаза тапты. Небәрі 19 жастағы жігітті Торонто қаласында көлік қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Тізгінге ие бола алмай қалған жүргізуші бірінші аялдамаға барып соғылыпты. Содан жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан үш жігітті жаншып барып бір-ақ тоқтаған. Зардап шеккендердің екеуі сол арада тіл тартпай кетті. Ал үшіншісі ауруханада жатыр. Жергілікті басылымдар жол апатынан көз жұмған қазақ студентінің кім екенін де анықтапты. Мәліметке қарағанда, марқұмның аты-жөні - Дамир Құсайын. Қалған екеуі Қытай студенттері, әрі ағайындылар. Үшеуі де Торонтодағы Сентенниал колледжінде оқыған. Жігіттердің жатын орындарына қайтып бара жатқан беті екен. Қандасымызды қағып өлтірген 40 жастағы жүргізуші қамауда. Белгілі болғандай, күдікті жылдамдықты асырған", - дейді телеарна тілшісі.

Стейси Дэвис, Торонто полициясының өкілі:

- Жүргізуші қамауға алынды. Сот оны кепілмен бостандыққа жіберуден бас тартты. 3ші қаңтарға дейін күдікті қамауда отырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!