Канадада құлап бара жатқан ұшақ тас жолдағы көлікті сүріп кете жазадады

14:23, 18 наурыз 2019
413

Канадада Cirrus SR20 ұшағы жолда келе жатқан эвакуаторды сүріп кете жаздап барып, жол жиегіне құлаған, деп хабарлайды mir24.tv CBC News сілтеме жасап.

Оқиға Торонто Баттонвилл әуежайына таяу маңда орын алған.

Видео кадрынан көрініп тұрғандай, ұшақ автокөліктің алдынан аяқ асты пйда болып, жолды оң жақ қанатымен іліп өткен.

Әуе көлігінің бортында ұшқыш пен лицензияны таяуда ғана алған жолаушы әйел болған. Олар тез ұшудан соң қондыруды үйреніп жүрген. Оқиға нәтижесінде жапа шеккендер жоқ.

Эвакуатор жүргізушісі өзін жолы болғыш адаммын деп санап отыр. Себебі, ұшақ оның көлігінің алдынан бар болғаны бірнеше метр жерден өткен. Болған оқиғадан соң ол тіпті лоторея билетін де сатып алған көрінеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!