Қамауда отырған Атамбаевпен әйелі мен баласы жүздесіп шықты

18:06, 17 қыркүйек 2019

Қырғыз елінің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты туған күнімен құттықтап, жұбайы Раиса мен ұлы Қадырбек тергеу изоляторына бас сұқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Бүгін әкемнің туған күні, соған орай шешем екеуміз әкеммен кездесуге рұқсат ала алдық. Тәжікстан шекарасындағы соңғы оқиғалар оны қатты алаңдатады. Ол жақын арада Қырғызстан шекарасында бейбітшілік пен тұрақтылықтың қайта қалпына келетініне сенім білдірді. Экс-президенттің пікірінше, қазір Қырғыз билігі күш-жігерін оның жақтастарымен күресуге емес, елдің қауіпсіздігі сынды өзекті мәселелерді шешуге бағыттауы керек, - деп жазды Қадырбек Facebook-тағы парақшасында.

Ол Атамбаевтың қазіргі хал-жағдайы дұрыс, өзін жақсы сезінетінін жеткізді.

- Біз әкемді туған күнімен құттықтадық. Әкемнің көңіл-күйі қалыпты және өзін жақсы сезінеді. Екеуміз еліміздегі соңғы жаңалықтарды талқыладық, одан соң кейін әкеліп беруім тиіс әдебиеттер тізімін еске түсірді. Алмазбек Шаршенұлы өзінің бар жақтастары мен командасына шын жүректен сәлем жолдайды! P.S. ҚСДП Саяси кеңесі бүгін шекарадағы қақтығысқа байланысты Алмазбек Шаршенұлының туған күніне арналған кешті өткізбеу туралы шешім қабылдады, - деп жазды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!