Калифорнияда жойқын жер сілкінісі болды

15:11, 6 желтоқсан 2024

© Фото: wikimedia

АҚШ-тың Солтүстік Калифорния жағалауында 7,0 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының ақпараты бойынша, эпицентр 12 мың адам тұратын Фортуна қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км жерде орналасқан. Ошақ 14 км тереңдікте жатты.

Жер асты дүмпулері сағат 10:44-те (Астана уақыты бойынша 23:44) тіркелді.

Ұлттық Мұхиттық және атмосфералық басқарманың ақпаратынша, қазіргі уақытта цунами туралы ескерту жарияланды. Ол Калифорния мен Орегон Штаттарындағы жағалау учаскелеріне қатысты.

Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат жоқ.

 

Бұған дейін Тәжікстан мен Өзбекстанда зілзала болғаны хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!