Калифорния штатында елді мекендерді су шайып кетті

11:53, 14 қаңтар 2017
373

АҚШ-тың Калифорния штатында толассыз жауған нөсер соңы селге ұласып, солтүстіктегі елді мекендерді су шайып кетті.

Салдарынан жолдар жабылып, кей жерлерде лай көшкіні жүрген. Оған қоса дүлей дауыл тұрып, ағаштар тамырымен жұлынған. Электр сымдары үзіліп, елді мекендер жарықсыз қалды.

Мамандар бұл соңғы 20 жылда болмаған рекордты жауын-шашын екенін айтып отыр. Нөсерден кейін маңайдағы Сакраменто өзені арнасынан асып, 2 мың тұрғын қауіпсіз аймаққа көшті. Дегенмен жергілікті метеорологтар алдағы күндері күн райы ашылады деген болжам жасады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!