Қайран қалдыратын қалқымалы мешіттер
Әлемнің әр түкпірінде сәулеті өзгеше мешіт бар. Олардың арасында тарихы тым тереңде жатқан, бүгін күні ескерткішке айналғандары қаншама. Осы заманғы дизайнмен тұрғызылған мешіттер де көз қуантса, экологиялық мешіттер трендке айналды.
Жиі болмаса да ара-тұра әлемдегі сәулеті ерекше, жобасы бөлек мешіттер туралы материалдарды беріп келеміз. Сол дәстүрімізден жаңылмаймыз. Жан-жағын су қаптаған, су үстінде қалқыған мешіттің де бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бурней астанасында орын тепкен мұндай бірегей мешітке сұлтан Омар Әлі Сайфуддиннің аты берілген. Яғни, Брунейдің 28-ші билеушісінің құрметіне аталған мешіт 1958 жылы ашылған. Әлі күнге дейін Брунейдің туристер келіп тамашалайтын көрікті ғимараттардың бірі.
Мароккодағы аса ірі мешіт, монарх Хасан 2-нің құрметіне аталған, 1993 жылы ашылған. Бұл мешіттің құбыла жағы шынымен қапталғандықтан мұсылмандар теңізді көре алады.
Малайзиядағы мына мешіттің дизайнында қасиетті Мәдина шаһарындағы Пайғамбар (с.а.с.) мешітің элементтері кездеседі. 2000 жылы ашылған аталған ғибадат ғимаратында бір мезгілде 12 000 мың адам құлшылық ете алады.
Саудиядағы әр-Рахман мешіті, Жидда қаласындағы танымал орындардың бірі, Қызыл теңіздің үстінде салынған.
Дереккөз: islam.kz
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады