Кабулдағы үш бірдей жарылыстан 17 адам қаза тапты

09:33, 10 мамыр 2018

Ауғанстан астанасы Кабулда үш бірдей жарылыс болып, нәтижесінде 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы 17-сі жараланған. Алғашқы лаңкестік әрекет шаһардың батысындағы полиция учаскесінің маңында жасалды. Жарылысты жанкешті жүзеге асырған. Кейін оқиға болған жерде тәртіп сақшылары мен лаңкестер арасында атыс болды. Ал қалған екі теракт шетелдік елшіліктер орналасқан аудандағы полиция бекетінде жүзеге асырылды. Алайда бұл жарылыстарды ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, өткен аптада Кабулда екі лаңкестік әрекеттен 25 адам көз жұмған еді. Олардың арасында 9 журналист бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!