Израильдіктер Газа секторында атысты тоқтатуды талап етті
© Сурет: pixabay
Иерусалим қаласында шеруге шыққан бір топ израильдік, Үкіметті Газа секторында бітімге келуге үндеді. Олар "Хамас" кепіліндегі жақындарының тез арада босатылуын талап етті.
Шараға мыңнан астам адам қатысқан. Газада 101 израильдік кепілде отыр. "Хамас" оларды қазанның 7-де Израиль аумағын шабуылдағанда тұтқынға түсірген.
Израиль билігі кепілдегі азаматтарын қайтаруға және қарулы топты жоюға уәде берді. "Хамас" пен Израиль арасында атысты тоқтатуға қатысты келіссөз тығырыққа тірелген. Бұл үшін тараптар бірін-бірі айыптап отыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Палестиналық қарулы топ бітімді қалайтынын мәлімдеді. Олардың сөзінше, бұған Израиль икемсіздік танытып отыр. Соңғы мәліметтерге сай, Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 44 300-ге жуықтаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 29 қараша 2024
Канада тауларында жоғалған турист бір айдан кейін дін аман табылды
-
11:48, 29 қараша 2024
Неміс дәрігері сегіз науқасты өлтірді деген күдікке ілінді
-
10:05, 29 қараша 2024
Қытайлық сотталушы түрмеден босап шығуын өзі өлтірген адамның үйінде атап өтті
-
13:00, 28 қараша 2024
Ұлыбританияда толассыз жаңбырдың соңы алапат тасқынға ұласты
-
16:36, 27 қараша 2024
Өзбекстан қалдық қоқыстан пайдалы шикізат өндіріп келеді