Израйльде оқушылар Аббасит халифатына тиесілі көне қазынаны тауып алды

16:48, 25 тамыз 2020

Израильде оқушылар жүздеген алтын тиыннан тұратын қазына тауып алды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Балалар көмбені жаңа үйлер салынып жатқан ауданнан тапқан. Археологтар алтын тиындар 1 мың жылдан астам бұрын соғылып, Аббасид халифаты заманындағы ақша екенін анықтап отыр. Ал құпия қазынаның иесі беймәлім.

Галит Таль, Израиль ежелгі заман басқармасының қызметкері:

– Бұл қазынаның құндылығы сол заманда осы аймақта халықаралдық сауданың жақсы дамығанын көрсетеді. Мысалы, Еуропада бұл кезде алтын айналымы азайып, төмендеп кеткен еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!