Израилда синагогада биік трибуна құлады. Зардап шеккендер көп

09:23, 17 мамыр 2021

© Сурет: Википедия

Гиват Зеев елді-мекеніндегі синагогада биік трибуна құлады. Кейбір мәліметтер бойынша, синагогада 600-ге жуық адам болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға кезінде 60-қа жуық адам жарақат алғаны хабарланды. Жарақат алғандар туралы толық мәлімет әлі жарияланбады.

Оқыс оқиға жөйттердің негізгі діни мерекелерінің бірі - Шавуотты тойлау кезінде орын алды, мұндайда қажылыққа баруды әдет етіледі.

Оқиғаның толық мәліметтері нақтылану барысында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!