Израиль түрмелерінде жазасын өтеп жатқандар аштық жариялады

09:19, 18 сәуір 2017

Израильдегі түрмелерде жазасын өтеп жатқан 1 жарым мыңдай палестиналық аштық жариялап, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында шерулер өтті.

Абақтыдағы наразылық акциясы қамаудағы қарсылық қозғалысы жетекшілерінің бірі Марван Баргутидің үндеуінен кейін басталған. Оған қатысушылар Израиль билігінен сотталғандардың құқықтарын сақтап, ондағы жағдайды жақсартуды талап етіп отыр. Сондай-ақ, израильдіктердің қолданатын әкімшілік тұтқындау әдісін тоқтатуды сұрайды. Өйткені бұл күдіктіні соттың рұқсатынсыз шексіз уақытқа дейін ұстауға мүмкіндік береді. Наразылыққа байланысты Израиль Ішкі қауіпсіздік министрі күштік құрылымдардың басшыларымен кездесу өткізді. Онда акцияның салдарына дайындық, абақтыларға арнайы топтар жіберу және тағы басқа мәселелер қаралды. Айта кетейік, Израиль түрмелерінде қазір 7 мыңдай палестиналық отыр. Олардың дені қауіпсіздікке қатысты сотталғандар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!