Иттер өз иесін түгін қалдырмай жеп қойды

10:05, 16 шілде 2019

ДНК тесті Техас штатының тұрғынын өз иттері жеп қойғанын растады, деп хабарлайды Lenta.ru.

57 жастағы Фредди Мэк Винес қаласына жақын орналасқан үйінде елден оқшаулау өмір сүрген. Үйінде 18 ит асыраған екен. Үй иесінің із-түзсіз жоғалып кеткенін бірінші болып туыстары байқапты.

Мамыр айының басында олар полицияға Мэктің жоғалып кеткенін хабарлаған. Шерифтің көмекшілері иттерді алдап үйге кіргенде үй иесін таба алмады.

15 мамырда үйдің учаскесінен сүйектің кішкентай ғана қалдықтары табылды. Сосын иттердің боғынан шаш мен тін үлгілері табылған. Генетикалық талдау оның Мэкке тиесілі екенін растады. Соған қарағанда иттер иесін сүйегі мен киімімен қоса жеп қойған болуы мүмкін.

– Басында иттер адамды жеп қоюы мүмкін деген тұспалға сене алмадық, өйткені адамның ешқандай ізі болмады, – дейді Washington Post-қа Джонсон округінің шерифі Адам Кинг.

Тергеушілер бұрын-соңды үй жануарларының адамды түгін қалдырмай жеген жағдайы болмағанын айтады.

Арнайы қызмет тым қабаған 13 итті ұйықтатып өлтіруге мәжбүр болды. Олар өз арасындағы тағы екі итті өлтіріп үлгерген екен. Марқұмның қалған үш иті тірі, қазір арнайы иттер панасында жүр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!