Италияның қос қаласында автономия жөнінде референдум өтті

15:15, 23 қазан 2017
392

Италияның Ломбардия және Венето облыстарында референдум өтті.

Жергілікті биліктің мәліметінше, дауыс бергендердің 90 пайыздан астамы автономияны кеңейтуді қолдап дауыс берген. Осылайша Италия экономикасының үштен бір бөлігін құрайтын екі аймақ орталық бюджетке кететін салық мөлшерін қысқартуды көздеп отыр. 

Айта кетейік, плебисцит консультативтік сипатқа ие. Оның қорытындысы орталық үкіметпен келіссөз жүргізу барысында назарға алынбақ.

Жапонияда «Лан» дауылы ойран салып жатыр

Жапонияның 29 мың тұрғыны баспанасын тастап қауіпсіз аймаққа көшуге мәжбүр болды. Бұған «Лан» дауылы себеп. Төтенше жағдайға байланысты тағы 1 миллион 600 мыңдай адамға қауіпсіздік ережелерін жіті сақтауға кеңес берілді. Соңғы мәліметтерге қарағанда 2 адам ажал құшқан. Қазір дүлей дауыл сағатына 50 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Алдағы уақытта оның екпіні 160 шақырымға жетуі мүмкін. Кей өңірлерде теміржол қатынасы тоқтап тұр. Ауа райының қолайсыздығынан 170 әуе рейсі кейінге шегерілді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!