Италияда наразылық шеруіне 79 университеттің ұстаздары қатысқан

19:15, 7 қыркүйек 2017

Италияда профессорлар жаппай ереуілге шықты.

Наразылық акциясына елдегі 79 университеттің ұстаздары қатысқан.

Олар биліктен еңбекақының көбеюін талап етті. Ресми мәліметке сенсек, мұғалімдер 40 жылдан бері ереуілге шықпаған екен. Ашуланған ағартушылар бұл жолы маусымдық сессия мен емтихандарды да өткізбей қойды.

Кармела Морабито, Tor Vergata университетінің профессоры: 

- Университетте қызмет етіп жүргеніме 15 жыл болды. Ал айлығым небәрі 2,5 мың еуро. Біздегі білім беру саласында еңбекақыдан бөлек қордаланған түйткілдер көп. Жас мамандарды қабылдау жүйесін реттеу керек. Ғылыми жобаларды қыржыландыру саласы мүлде сын көтермейді. Біз ұстаздардың беделін көтеріп, университеттердің абыройын арттырсақ дейміз.

Италия профессорларының айлығы 5 жылдан бері өспеген. 2011 жылы үкімет үнемдеу саясатын ұстанып, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге тыйым салды. «Содан кейін ереже тек бізге ғана сақталып қалды», – дейді педагогтар. Олардың шамына тиген де осы. Оның үстіне елде ұстаздарды демейтін кәсіподақ та жоқ.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!