Италияда қар көшкіні басып қалған қонақүйден 8 адам табылды

10:18, 21 қаңтар 2017

Олардың арасында 2 бала бар. Құтқарылғандар қардың астында 40 сағат бойы көміліп жатқан. 

Қазір арнайы топ қалған 25-тей адамды іздестіріп жатыр. Ал бұған дейін 4 кісінің денесі табылды.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы күні Италияның Абруццо провинциясында жер сілкініп, Гран-Сассо демалыс аймағында қар көшіп, үш қабатты қонақүйді басып қалған еді. Осы кезде сыртта болған екі адам апат жөнінде хабарлап үлгереді. 

Бірақ қар қалың жауып, құтқарушылар қонақүйге бейсенбі күні таңертең ғана жетті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!