Италия жағалау қызметі Жерорта теңізінен 800-ге жуық мигрантты алып шықты

08:09, 14 қаңтар 2017

Олар Ливиядан кәрі құрлыққа өтуді көздеген. Ауа райының жайма шуақ күнін пайдаланған босқындар 6 үрлемелі қайыққа мінген.

Оларды  заңсыз адам тасымалдаушылар алып шыққан. Қайықтағылардың дені Нигерия, Судан, Гвинея және Бангладеш азаматтары.

Айта кетейік, өткен жылы Италияға 181 мыңнан астам мигрант табан тіреген еді. Дені Африка елдерінің азаматтары. Жерорта теңізі арқылы келіп жатқан босқындар нөпірін тоқтату үшін Еуроодақ жаңа жоспарлар әзірлеуде. Осы мақсатта Мальта өз шекарасын жауып, Африканың солтүстігінен ағылған мигранттар нөпірін азайтпақ. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!