Испанияда терактіден қаза болғандардың саны 14 адамға жетті

17:03, 18 тамыз 2017

Испаниядағы теракта мерт болғандардың саны 14 адамға жетті. Бұл туралы Каталонияның құқық қорғаушы органдары хабарлады.

«Каталонияның Төтенже жағдайлар қызметі Хуан XXIII ауруханасында ауыр жағдайда жатқан әйел ауруханада қайтыс болғанын растады. Барселона мен Камбрильстегі болған лаңкестік шабуылдардың салдарынан 14 адам мерт болды», – делінген каталондық құқық қорғаушы органдардың хабарламасында.

Еске сала кетейік, Каталонияның Ішкі істер министрлігі Камбрильс пен Барселонадағы лаңкестік шабуылдардың бір-біріне байланысты екенін растады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!