Испания үкіметі Каталония басшысын қызметінен босату туралы шешім қабылдады

10:26, 22 қазан 2017

Испания үкіметі Каталониядағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс кезінде автономия басшысын, оның орынбасарлары мен кеңесшілерін қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ 6 ай ішінде аймақ парламентіне мерзімінен тыс сайлау өткізу туралы келісті. Енді бұл шараларды сенат бекітуі тиіс.

Ел премьер-министрі Мариано Рахойдың айтуынша, шешім Каталонияның автономдығын тоқтатпайды. Ол тек өңірдің өзін өзі басқаруы мен мәртебесін бұзған лауазымды тұлғаларды биліктен шектеуді ғана қарастырады.

Мариано Рахой, Испания премьер-министрі:

-Біз сенаттан Каталония үкіметінің төрағасын, оның орынбасарын және тағы басқа лауазымды тұлғаларды қызметінен босату туралы шешімді қарастыруды сұрап отырмыз. Төтенше жағдай аяқталғанша Испания үкіметінің министрлері Каталония үкіметі мүшелерінің міндетін атқаратын болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!