«Ирма» дауылы Кубаға жақындап қалды

18:37, 9 қыркүйек 2017

Елдің бірқатар аумағы жарықсыз қалған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Жергілікті билік миллионнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Американың Флорида штаты да «Ирма» дауылынан келетін қауіптен сақтануға көшті. Болжам бойынша сұрапыл жел ертең таңертең соғуы мүмкін. 5 миллионға жуық тұрғынға баспаналарынан кетуге нұсқау берілді, яғни бұл штат халқының 25%-ын құрайды. Әкімшілік дүлей апаттың салдары жойқын болатынын ескертіп, адамдарға су және азық-түлікті алып қоюларын сұраған. Адамдардың жаппай елді мекеннен басқа жаққа кетуі салдарынан жанармай қоры да күрт таусылды.

Рик Скотт, Флорида губернаторы:

-Дауыл Флориданың біраз аймағын шарпып өтеді. Ал бізде уақыт аз. Егер эвакуация жасау туралы нұсқау берілсе, дереу бұлжытпай орындалуы тиіс. «Ирма» штатта бұрын-соңды ел естімеген ең жойқын дауыл болғалы тұр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!