«Ирма» дауылы Флорида штатының батыс жағалауына жетті

22:41, 11 қыркүйек 2017
464

Штаттың 3 миллионнан астам тұрғыны жарықсыз қалған.

6 жарым миллионға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дауыл Майамиді жайпап өтті. Қаланың бірқатар ауданы мен көшелерін су басты. Алапат жел штаттың батыс жағалауына жетті. Қазір дауыл күші бәсеңдеді. «Ирма» – АҚШ-тың оңтүстік-шығыс аймағында тіркелген жойқын табиғи апаттың бірі. Бұған дейін дауылдан Кариб бассейні елдерінде 30-ға жуық адам қаза тапқан.

Ал Мексикадағы жер сілкінісі құрбандарының саны 90-ға жетті. Табиғат апатынан зардап шеккендердің саны – 2 миллионға жуық. 8 қыркүйекте елде 8,2 балдық жер сілкінісі болған еді. Одан кейін 500-ге жуық жерасты дүмпулері тіркелген. Апаттан кейін 3 күндік аза тұту жарияланған. Ел басшысы Энрике Пенья зілзаланы соңғы 100 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі деп атаған еді.

Ұлыбританияда Брекситті болдырмауды талап етіп, 50 мыңдай адам Лондон көшелерімен жүріп өтті. Шеру Қауым палатасында Еуропалық одақтан шығу құжатын бекіту күні қарсаңында ұйымдастырылды. Көшеге шыққан халық «Еуропа біртұтас!», «Брекситке жол жоқ!» деп ұрандатты. Жиналғандардың дені бұл шерумен шектелмей, «Күз наразылығы» атты көлемді шара ұйымдастырмақ ниетте.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!