Иранның атом электр станциясы маңында екі рет жер сілкінді

11:31, 8 қаңтар 2020

Иранда Бушер атом электр станциясы маңында магнитудасы 4,9 және 4.5 балл болатын екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ геологиялық қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, 4.9 баллдық жер сілкінісі Мәскеу уақытымен 5.20 шамасында болды. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Боразжан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай он шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған.

4.5 баллдық екінші жер сілкінісі Мәскеу уақытымен 6.19 сағатта болды. Жер сілкінісінің ошағы Боразкан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!