Ирандағы тирания мен теократияның күні батуға жақын сияқты

12:47, 15 қаңтар 2020
938

Ирандағы жаппай халықтық ереуілдер 2019 жылдың, 15-қарашасында басталды. Әлі жалғасып келеді. Осы уақыт аралығындағы тек цифрларды facebook-те Асхат Қасенғали келтіріпті:

1. 350-400 мың адам наразылыққа шыққан.

2. Ереуілшілдерден 350-1500 адам қаза тапқан.

3. Тәртіп сақшыларынан 7 адам өлтірілген.

4. 6000 адам тұтқындалған.

5. 4500-5000 адам жарақат алған.

6. Халық 730-дан астам банкті өртеп, 50-ден астам әскери базаға шабуыл жасап, 9 діни орталыққа нұқсан келген.

7. 3 қаңтарда Ирандағы беделді тұлға Касем Сүлеймани өлтірілген сәтте, халық тынышталып, билікпен біріккендей болды. Сүлейманидің жерлеуінде Иран бойынша 25 млн адам көшеге шығып, еске алды.

8. Иран 8-қаңтарда Украинаның ұшағын атып түсірді. Ұшақта 87 ирандық бар еді. Бәрі қаза тапты.

9. Билікке деген ереуілдер қайта жалғасты. Бүгінде елдің 15 қаласында өтіп жатыр.

10. АҚШ Иранға салған санкцияны күшейтті. Ирандық риал бір жыл ішінде 3 есе құнсызданған.

11. Елде жанармай, жұмыртқа, нан, ет бағасы еселеп өскен. Естеріңізде болса 15-қарашадағы толқуды дәл осы жанармай бағасының 50%-ға өсуі туындатқан еді.

12. Ереуілге шыққандар АҚШ туын таптаудан бас тартып, Аятолла мен Касем Сулейманидің суреттерін өртеп жатыр. "Бұл ереуілдің жаңа бағытқа бұрылуы" дейді сарапшылар.

- ПыСы: Ирандағы муллакратия, тирания мен теократияның күні жақын арада бататын сияқты, - деп жазады ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!