Иранда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

14:55, 15 қараша 2017
531

Иранда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 530 адамға жетті. Бұған дейін 455 адамның құрбан болғаны туралы хабарланған еді. Зардап шеккен жергілікті жұрттың саны 7 мыңнан асты, - деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл оқиға өткен жексенбіде болған еді. Иран мен Ирак шекарасында тіркелген жер асты дүмпуінің қуаты 7,3 балға жетті. Зілзаланың күшін тіпті көршілес елдердің тұрғындары да сезген. Басқа аймақтарға қарағанда Иранның Керманшах пен Илам провинциясы едәуір зардап шекті. Тас пен саздан тұрғызылған тұрғын үйлер шыдамай, төбесі опырылып ортасына түсті. Қазір елде 70 мыңға жуық адам үйсіз отыр.

Фото: 24.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!