Иранда коронавирустан екі адам көз жұмды

08:54, 20 ақпан 2020
732

19 ақпанда Иран үкіметі елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың екі дерегін растады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Кейін екі науқастың да көз жұмғаны белгілі болды.

Билік жаңа коронавирустың 2019-nCov түрін жұқтырудан қайтыс болғандардың бұған дейін Қытай азаматтарымен де, Қытайдан келген тұлғалармен де қатынаста болмағанын мәлімдеді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің инфекциялық аурулар жөніндегі комитеті мүшесі Масуд Мардани айтты.

- Денсаулық сақтау министрлігінің инфекциялық аурулар жөніндегі комитеті қазір қайтыс болғандардың коронавирусты қандай жолмен жұқтырғанын анықтауда, бірақ вирус көрші елден келген саяхаттаушылардың бірі арқылы жұққан болуы мүмкін. Алайда вирустың қай жерде жұққанын анықтай алмаймыз, - деді Мардани.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!