Иранда ерлі-зайыптылар үйге жас қыздарды әкеле беретін «бұзық» ұлын өлтірді
© Сурет: Courtesy Photo
Иранда 47 жастағы кинорежиссер Бабак Хоррамдиннің ата-анасы ар-намыс үшін ұлын өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Кинорежиссердің жіліктелген денесі жексенбіде Тегеранның бірнеше ауданындағы қоқыс жәшіктерінен табылған. Ата-анасы ұлының "ұятсыз" өмір сүріп, отбасын құрудан бас тартқаны үшін өлтіргенін мойнына алған.
Режиссердің әкесі кісі өлтіру, шешесі кісі өлтіруге көмектесу айыбымен қамалды. Сот мәліметінше, Бабактың әкесінің ақыл-есі дұрыс, ол жасаған ісіне өкінбейтінін білдірген.
Ирандық кинорежиссер 2009 жылы Тегеран университетін бітіргеннен кейін, көп уақыт Лондонда тұрған. Англияда біраз фильмдер түсіріп, кейін Иранға оралған. Тегеран сотының төрағасы Мұхаммад Шахриаридің мәлімдеуінше, әкесі ұлына есінен тандыратын дәрі беріп, содан кейін өлтірген.
Ол мені және шешесін тыңдамады. Біздің беделімізге нұқсан келтірді. Күнде жас қыздарды сабақ үйретемін деген сылтаумен үйге алып келіп жүрді. Біз қарсылық білдіргенде, дөрекі жауап қайтарды. Біз оны қиындықпен өсірдік. Ол болса, мені және шешесін ұрып-соғып келді. Менде басқа таңдау болмады, - деген Бабак Хоррамдиннің әкесі.
Тегеран сотының төрағасы сонымен бірге режиссердің әке-шешесі екі адамды өлтіргенін мойындаған: қызы мен оның ажырасқаннан кейін шыққан екінші күйеуін. Отбасы 1997 жылы із-түссіз жоғалып кеткен. Әуежай маңынан көлігі ғана табылған.
Осыған дейін Иранда Әли Фазели Монфаредтің гей екені анықталған соң ол отбасы мүшелерінің қолынан қаза тапқаны белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады