Иран АҚШ әуе базаларына соққы беріп, мұнай бағасы көтеріліп кетті

09:11, 8 қаңтар 2020

Иран 8 қаңтарда АҚШ-тың Ирактағы нысандарына соққы бергеннен кейін WTI сортты мұнайдың бағасы көтерілді, деп хабарлайды Lenta.ru.

Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:00-дегі жағдайға сай, WTI сортының ақпан айына сатылатын фьючерстерінің құны төрт пайыздан астамға қымбаттады. Нью-Йорктегі сауда-саттықта мұнай баррелі 65,27 долларға дейін өсті, одан жарты сағат бұрын бағасы тіпті 65,65 долларға жеткен.

Ал Brent мұнайының бағасы мамыр айынан бері тұңғыш рет баррелі үшін 70 доллардан асты.

8 қаңтарда Иран Американың Ирактағы екі әуе базасына ондаған зымыран атып, соққы берді.

Оның нәтижесінде Эйн-аль-Асад әуе базасында тұрған бірнеше жойғыш ұшақ зақымдалды. Ал бейресми ақпарат бірнеше ұшақтың жойылғаны мен адамдардың қаза тапқанын хабарлайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!