Иракта бірден жеті бала туған әйел: балалардың бәрі шетінеп кетті

10:17, 20 ақпан 2019

Ирактың Дияла провинциясында бірден егіз болып туылған жеті баланың шетінеп кеткенін Ирак телеарнасы al-Sumaria жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz, ria.ru басылымына сілтеме жасап.

Өткен аптада "25 жастағы әйел табиғи жолмен жеті бала босанды – бір ұл мен алты қыз", – деп мәлімдеген болатын Дияла провинциясы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің директоры Фарис әл-Изауи.

Дияла провинциясындағы әл-Баттул ауруханасының директоры Әли Шәриф Иракта мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған, деген. Жас ананың денсаулығы да, нәрестелердің жағдайы да жақсы, делінген болатын

"Бірнеше күн бұрын туылған жеті баланың бәрі шетінеп кетті ", – деп хабарлады телеарнаға Дияла провинциясының дәрігерлері.

Нәрестелердің өліміне не себеп болғаны айтылмады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!