«Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы 40 бейбіт тұрғынға оқ жаудырды

13:37, 12 ақпан 2017
570

Сирияның Эль-Баб қаласында «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» 40 бейбіт тұрғынды атып тастаған. Бұл туралы «Әл-Маядин» телеарнасы хабарлайды.

Содырлар бұл адамдарды шайқаста тірі қалқан ретінде қолданбақ болған. Өйткені қазір шаһарда кескілескен ұрыстар жүріп жатыр. Алеппо қаласынан 36 шақырым жерде орналасқан қаланы үкіметтік күштер мен оппозициялық «Сирия еркін әскері» қоршауға алған.

Лаңкестерге оппозиция жасақтары Түркия әскерилерінің қолдауымен шаһардың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінен, ал үкімет сарбаздары оңтүстіктен соққы беруде.

Сондай-ақ билік жасақтары Ресей ұшақтарының көмегімен Тадеф елді мекенін азат етіп, Раккаға апаратын жолды бақылауына алды.

Ал Эль-Баб қаласы азат етілсе, Сириядағы содырлардың басты қаласы болып саналатын Ракка шаһарына жол ашылмақ.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!