«Ирак және Левант» лаңкестерінің қолынан 60 бейбіт тұрғын мерт болды

13:02, 24 қазан 2017

Үш аптаның ішінде «Ирак және Левант» лаңкестік тобының қолынан 60 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Тағы 100-ден астам адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. 

Қаскөйлер мұндай қатігездікті Хомс провинциясындағы Эль-Карьятайн қаласында  жасаған. Бүгінде шаһар толықтай билік жасағының бақылауына өтті. 

Бұл туралы провинция губернаторы мәлімдеді.  Айтуынша, қаза тапқандардың дені – шаһар әкімшілігінің қызметкерлері мен зейнеткерлер. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!