Ирак әскері Мосулдағы Ескі шаһарға шабуыл жасады

17:32, 18 маусым 2017

Ирак  армиясы ТГИЛ-дің бақылауындағы соңғы аудан – Мосулдағы Ескі шаһарға шабуылдың басталғанын хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, арнайы әскер батыстан, ал федералдық полиция оңтүстіктен лап қойды. БҰҰ деректеріне сәйкес, Ескі шаһарда 100 мыңдай бейбіт тұрғын бар. Оларға қаладан кету қажеттігі ескертілді.    

Ұйымның есебінше, соңғы аптада Мосулдың батыс бөлігінде 230-дай бейбіт тұрғын қаза тапқан. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!