iPhone смартфонының қай түрі ең танымал екені белгілі болды

10:30, 2 тамыз 2018

Тим Куктың айтуынша, бұл жолы да iPhone X лидер болды. Қолданушылардың 98 проценті бұл телефонмен толықтай қанағаттанатындарын айтқан, деп хабарлайды Baq.kz.

2018 жылдың ІІІ тоқсанында Тим Кук айфондардың өтімділігіне қатысты есеп берді. Оның айтуынша, бұл жолы да iPhone X асқан танымалдылыққа ие болып отыр.

Сондай-ақ, Тим Кук 2017 жылмен салыстырғанда Apple компаниясының табысы 20 процент өскенін мәлімдеді.

Ал Apple қаржы директоры Луки Маэстри өз кезегінде жалпы қолданушылардың 96 процентінің өніммен қанағаттанатынын жеткізді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!