iPhone Х телефоны үшін үш күн кезекте тұрған адамды жедел жәрдем алып кетті

17:27, 3 қараша 2017

Мәскеулік жігіт iPhone X телефонын сатып алу үшін үш күн бойы кезекте тұрған. Осынша уақыт жұмсағанына қарамастан, ол смартфонға қол жеткізе алмады. Себебі үшінші күні жағдайы нашарлаған жігітті жедел жәрдем алып кетуге мәжбүр болды, - деп RNS-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Айта кетейік, Тверская көшесінде кезекке тұрған адамдар үшін арнайы автобустар жеткізілген болатын.

iPhone X телефоны жақында ғана сатылымға шықты. Смартфонның бағасы 64 Гб үшін 79 990 рубль (шамамен 400 мың теңге), ал 256 Гб үшін 91 990 рубль (450 мың теңге) тұрады.

Қазақстанда аталған смартфон ертеңнен бастап сатылады.



Фото: Stan.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!