Instagram туған күні туралы мәлімет келтірмегендердің аккаунтын жабады

21:35, 31 тамыз 2021
622

© Сурет: pxhere.com

Instagram өз қолданушыларынан аккаунтындағы жеке дерек базасында туған күні туралы мәліметті көрсетуді талап етеді. Олай етпегендерге желі қызметін қолдануға тыйым салынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы компания сайтында жазылған.

Бізге бұл ақпарат жасөспірім желі қолданушыларын қорғауда [қажетті] жаңа мүмкіндіктерді әзірлеу үшін қажет, - делінген хабарламада.

Қандай да бір өзгерісті осыған дейін жеке мәліметтер базасында туған күнін көрсетпеген пайдаланушыларға байқалатыны айтылады. Енді қосымшаға кіргенде олардан осы талап етілген деректі толтыру қажеттілігі туралы хабарлама түседі. Егер пайдаланушы бұл сұранысты елемесе, онда ол ары қарай өз аккаунтына кіре алмайды.

Компания жаңа талаптарды жасөсіпірім аудиторияға сәйкес келмейтін контенттің болуымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта мұндай жазбалар әдейі бұлыңғырланып, ондағыны дұрыстап көруге болмайтындай етіледі. Енді мұндай фотосуреттерге немесе видеоларды ашу кезінде олардан туған күнін қайта енгізу сұралады.

Адам жасы туралы ақпарат жаңа қауіпсіздік мүмкіндіктерін жасақтау үшін пайдаланылады, бұл компания белгілі бір жас тобына Instagram-ды қолдану бойынша "дұрыс тәжірибе" ұсынады.

Наурызда Instagram әлеуметтік желідегі ересектердің 18 жасқа толмаған пайдаланушыларына хабарлама жіберуге тыйым салу үшін өзгерістер енгізді, ал өткен айда 16 жастан кіші қолданушылардың аккаунттары бөтендер үшін жабық саналып, шектелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!