Instagram қолданушылары видеоқоңырау жасау мүмкіндігіне ие болады

17:28, 31 қаңтар 2018

Жуық арада танымал Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары қосымша арқылы видеоқоңыраулар соғу мүмкіндігіне де ие болады. Бұл туралы Techradar.com-ға сілтеме жасап Хабар 24 хабарлайды.

Әзірленіп жатқан жаңа функция іOS және Android пайдаланушыларына бірнеше айдан кейін қолжетімді болады. Бірақ Instagram өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып отыр.

Видеоқоңырау функциясы әзірше Instagram-ның бас компаниясы Facebook-тің басқа сервистерінде - Facebook Messenger және WhatsApp қосымшаларында бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!