Instagram финалда алаңға жүгіріп шыққан модельді блоктап тастады

10:53, 3 маусым 2019

Instagram әкімшілігі америкалық модель және блогер Кинси Воланскидің аккаунтын бұғаттап тастады. Бұл қыз "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" арасындағы чемпиондар лигасының финалында купальникпен алаңға жүгіріп шыққан, деп хабарлайды РИА Новости.

Осы оқиғадан кейін модельдің парақшасына жазылушылар саны бір күннің ішінде 2,5 миллион адамға жеткен. Бірақ енді оның аккаунты өшіп қалды.

- Подписчиктер саны бір түнде 2,5 миллионға жетіп, сосын сені бұғаттайды екен, - деп жазды Волански Twitter-де.

Одан бұрын, 2 маусымда Волански Instagram-дағы парақшасында алаңға не себепті жүгіріп шыққанын жазған. Оған салсақ, "бұл өмірде өмір бойы есте қалар бірдеңе жасау керек".

"Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" финалының бірінші таймында алаңға жүгіріп шыққан қыз үшін ойында үзіліс жасауға тура келді. Қызды стюардтар ұстап алып, алаңнан сүйреп әкетті.

"Ливерпуль" 2:0 есебімен жеңіске жетіп, 2005 жылдан бері бірінші рет турнирдің жеңімпазы атанды. Екі голды Мохамед Салах мен Дивок Ориги соқты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!