Индонезияда үйіне метеорит түскен қабірші бір сәтте байып кетті

15:41, 19 қараша 2020
635

Солтүстік Суматра провинциясында үйінің төбесіне метеорит түскен қабірші Джошуа Хутагалунг миллионер болып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл қызықты жағдай туралы Metro хабарлайды.

Аспаннан метеорит құлаған кезде ер адам табыт жасап жатқан. Тас түскен жеріне 15 сантиметрге дейін батқан.

Ол өте ыстық болды. Жалаңаш қолмен ұстау мүмкін болмағандықтан, әйелім оны кетпенмен қазып алды, содан кейін ішке кіргізді, - дейді бақытты адам.

Метеориттің салмағы - 2,1 келі және жасы - шамамен 4,5 млрд жыл.

Сирек кездесетін тастың құны шамамен 1,4 миллион фунт стерлингке (£ 1 = 568,51 теңге), делінген хабарламада.

Джошуа табылған затты коллекционерге сатып, бірнеше онжылдықта табатын табысына сәйкес ақыны бір сәтте алған.

Үш баланың әкесі бұл ақшаны өз қауымына шіркеу салуға жұмсайтынын айтты.

- Мен қызым болса деп армандадым және бұл маған берілген белгі, сәттілікті меңзейтін деп ойлаймын, - деді ол.

Сирек кездесетін затты көру үшін Джошуаның үйіне ондаған адам бас сұққан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!