Индонезияда әйелдерге ер адамдармен бірге тамақтануға тыйым салынды

10:14, 11 қыркүйек 2018

Округтегі дәмханалар мен мейрамханалар жаңа ережені сақтауға міндеттелді, деп хабарлайды Baq.kz.

Индонезиялық Ачех провинциясының Биреэн округіндегі әйелдер мен ер адамдарға бірге тамақтануға тыйым салынды. Билік әйелдерді осылайша «иманға келтіруді» көздейді.

Жаңа ережені округ дәмханалары мен мейрамханалары сақтауға міндеттелді. Жергілікті ислам істері бойынша басқарма басшысының айтуынша, әйелдер ер адаммен бірге тамақтанға кезде шариғат заңдарын бұзады. Әйелге тек өзінің жұбайы немесе жақын туысымен ғана тамақтануы керек.

Шенеунік бұл ережені қабылдаудағы басты мақсат – әйелдердің шариғат заңын бұзбауға жағдай жасау, олардың арын қорғау екенін айтты.

Мұсылман профинциясындағы шариғат заңы әйелдерге өзінің заңды некедегі жолдасынан басқа ер адаммен кез-келген қарым-қатынаста болуына тыйым салады. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша бір ұжымда жұмыс істейтін ер мен әйелдің сағат кешкі 21:00-ден кейін бірге тамақтануына тыйым салынған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!