Илон Масктың компанияларынан топ-менеджерлер неліктен кетіп жатыр
© Сурет: TED/Bret Hartman
Кәсіпкер әрі миллиардер Илон Масктың компанияларында басқарушы және инженерлік құрам арасында кадрлардың жиі ауысуы байқалуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Financial Times басылымының деректеріне сүйенсек, Маск компанияларындағы қызметкерлер арасында жұмыстан шаршау, қажу, жаппай қысқартулар және кәсіпкердің ұстанған саясатына көңілі толмау себептерімен кететіндер саны артып келеді.
Басылым тағы бір мәселе ретінде кәсіпкердің АҚШ президенті Дональд Трамппен байланысын және оның қоғамдық-саяси көзқарастарын атап өтеді.
Айтуынша, кәсіпкердің мінез-құлқы қызметкерлердің моральдық рухына, кадрларды сақтап қалуға және жаңа адамдарды тартуға кері әсерін тигізіп отыр.
"Ол бұрын барлық топтағы адамдарға ұнайтын болса, қазір тек белгілі бір топқа ғана ұнайтын адамға айналды", – делінген басылымда.
Бұған дейін Илон Маск өзінің "Уикипедияға" балама жобасын жариялағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:52, 11 қараша 2025
Өзбекстанның бірінші ханымы қатерлі ісікке қарсы күресте әлемдік лидер атанды
-
11:45, 11 қараша 2025
Трамп: Қазір Ақ үйде Си Цзиньпинді лайықты түрде қарсы алатын орын жоқ
-
09:13, 11 қараша 2025
АҚШ-та ұшу кезінде жас жігіт ұшақтың есігін ашып жібермек болып, төтенше жағдай тудырды
-
14:26, 10 қараша 2025
Вьетнамда туристерге улы қоңыздар туралы ескерту жасалды
-
14:07, 10 қараша 2025
Трамп әрбір америкалыққа екі мың доллардан төлеуге уәде етті





