Йеменге 300 млн доллар көмек бөлінді

08:28, 11 мамыр 2017
456

Сауд Арабиясы мен Дүниежүзілік банк арып-ашқан Йемен халқына қайырымдылық көмек ретінде 300 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді.

Мұндай келісім Эр-Риядта жасалған. Ал бөлінген ақша қирап қалған білім ошақтары мен медициналық орталықтар және энергетика саласындағы инфрақұрылымдарды қайта қалпына келтіруге жұмсалады. Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Йеменде ашаршылықтың алдын алу үшін 1,1 млрд АҚШ доллары қажет екенін мәлімдеген.


Айта кетейік, Йемендегі азаматтық соғыс кесірінен 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Миллиондаған жан тақыр кедейге айналған. Қазір де мұндағы 28 млн тұрғынның 17 млн-нан астамы гуманитарлық көмек көрсететін ұйымдар арқасында күн көріп отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!