Йеменде әуеден жасалған шабуылдан 24 адам көз жұмды

21:33, 18 маусым 2017
534

Йеменнің солтүстігінде араб коалициясы жергілікті базарға әуеден оқ жаудырды.

Салдарынан 24 бейбіт тұрғын опат болып, тағы бір адам жараланған. Елде үкімет жасағы мен көтерілісші хуситтер арасында қарулы қақтығыс жалғасып жатқалы 3 жылға таяды. 2015 жылдың наурызынан бастап араб коалициясы әуеден шабуыл жасап, Йемен әскеріне болысып жүр. Содан бері 10 мыңдай бейбіт тұрғын бақилық болып, 18 мың 500 адам жараланған. Ең өкініштісі, марқұмдардың төрттен бірі – бейкүнә балалар. Толассыз текетірес кесірінен су құбырларының көбі бүлініп, Йеменді тырысқақ дерті дендеп тұр. Соңғы мәлімет бойынша, елді жайлаған індеттен мыңнан астам адамның ажалы жеткен.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!