ХАМАС Израильге қаза тапқан екі тұтқынның мәйітін қайтарды
© Сурет: freepik
ХАМАС билігі Израиль тарапына қаза тапқан екі тұтқынның мәйітін қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ynet басылымы палестиналық қозғалыстың әскери баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
"ХАМАС Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдеріне қаза тапқан тұтқындардың сүйегі салынған екі табытты тапсырды", – делінген ақпаратта.
ХАМАС өкілдері қалған қаза тапқан адамдардың денелерін табу және эвакуациялау үшін айтарлықтай операциялық күш пен арнайы жабдық қажет екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-пен бітімге қол жеткізгеннен кейін АҚШ президенті Дональд Трампқа алтыннан жасалған көгершін мүсінін сыйға тартқан болатын. Тірі қалған соңғы 20 тұтқын 13 қазанда босатылды. Алайда кейбір қаза тапқандардың денелері әлі де Газа секторында қалып отыр.
Бұған дейін Грета Тунбергтің Израильде тұтқында болған кезінде көрген қорлығын жайып салғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





