Халық арашалап қалды: Атамбаевты ұстауға келген бастықтың басын жарды

09:36, 8 тамыз 2019

Қырғызстанда Чу облысы Ішкі істер басқармасының бастығы Самат Курманкулов комаға түсіп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, деп хабарлайды 24.kg.

Самат Курманкуловтың денсаулығы аса ауыр жағдайда. Ол Бішкектегі ауруханалардың біріндегі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер Самат Курманкуловтың бас сүйегін тесу арқылы операция жасалды.

1 тамызда кешкісін арнайы жасақ Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін оның Қой-Таштағы үйіне басып кірмек болған. Атамбаевты жақтауға жиналған халық арнайы жасаққа тас атқан. Жапай тәртіпсіздік барысында түрлі деректер бойынша 5 адамнан 15 адамға дейін жарақат алды. Оның ішінде журналистер мен Жогорку Кенеш депуттары да жараланды. Операция барысында экс-президент Атамбаев ұсталды деген ақпарат тарады, алайда кейінірек Атамбаевтың қызы әкесінің ұсталғанын жоққа шығарды. Президент Жээнбеков Атамбаевтың ұсталуына байланысты демалысын үзіп, жұмысқа оралды.

Ұстау операциясы сәтсіз аяқталғаннан кейін бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев арнайы мәлімдеме жасады.

- Бүгінгі биліктің қатыгездігі таң қалдырады. Бүгін мені ұстауға әрекет жасалды. Өкінішке қарай, сол күні Қой-Ташқа мені қолдауға келген көптеген адам зардап шекті. Спецназды ығыстырған халық оларды таспен атты, олардың арасында да жараланғандар бар. Билік менің құқықтық кеңістікте сөйлесуге шақырған үндеуіме құлақ аспады. Мен кез-келген сұраққа жауап беруге дайынмын, өйткені Батукаев ісі бойынша менің тарапымнан жемқорлық болған жоқ. Мұны Сооронбай Жээнбеков жақсы біледі. Оған өзім бәрін айтып бергем, - деді Атамбаев.

Одан кейін Атамбаев өзін қолдайтын халықты сабырға шақырды.

- Билікке ойлану керек. Біз тізерлеп өмір сүретін колхоздың қойы емеспіз. Қырғызстан халқы – тәуелсіз адамдар, олар намысты қу жанынан жоғары қояды. Атамбаевты ұстау үшін өзінің бейбіт халқына оқ ату деген не сұмдық. Мұны беспредел дейді! Қырғыздар мал емес, биліктегі кланның құлы болмайды ешқашан. Билікті ойлануға шақырамын, - деді Алмазбек Атамбаев.

Сосын экс-президент қарулы күштерге де үндеу жасады.

- Өз халқыңа оқ атпаңдар! Ертең өздеріңе айналып келеді бәрі. Бастықтарың ертең анау-мынау болса қашып кетеді, елде сендер қаласыңдар. Сонда жаман болады. Мен қырғыздың намысына, Қырғызстанның болашағына сенемін. Қырғызстан бір отбасылық кланның құлы болмайды, - деп тоқтады Атамбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!