«Хабар» тілшісі: Рамбла көшесіндегі халық қанды оқиғадан бейхабар еді

14:25, 18 тамыз 2017
501

Арнамыздың тілшісі Гүлнәр Жандағұлова Барселонадағы лаңкестік әрекет кезінде оқиға болған маңда жүргенін айтады.

Испанияға демалуға аттанған әріптесіміз Рамбла көшесімен келе жатып, халық көп шоғырланған жерге жетпестен бұрылып кеткен. Оның айтуынша, қанды оқиғадан бұл маңдағы халық бейхабар болған. Бұл жайлы тек жаңалықтардан естіп білдік дейді тілшіміз. Оның айтуынша, іле-шала барлық дүкендер, мейрамханалар мен дәмханалар жабылған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!