Грузияда шахтадағы өткел қабырғасы қирап, 6 кенші қаза тапты

14:16, 5 сәуір 2018

Грузияның Ткибули қаласындағы көмір шахтасында 6 кенші қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы 3 адам жарақат алған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Алдын ала дерек бойынша шахтадағы өткел қабырғасы қирап, төбесі опырылып құлаған. Қазір мамандар құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталып та кетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!