Google рейстердің кешігуін алдын ала болжауды үйренді

16:49, 1 ақпан 2018

Google Flights қызметінің көмегімен рейстің кешігуі туралы ақпаратты біле аласыз. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«GoogleFlights» бағдарламасында жасанды интеллект бар. Ол әуе кемесінен тікелей ақпарат алады, кестеден барлық ауытқуды талдайды және жалпы кешігу ықтималдығын анықтайды. Бұл қызметтің негізгі мақсаты - әуе компанияларының ресми ақпаратына дейін болжамды мәлімет беру.

«Ұшақтың кешігуі туралы ақпарат, болжамның 80%-на сенімді болған жағдайда ғана көрсетіледі. Дегенмен, біз жолаушыларға әуежайға алдын ала баруды ұсынамыз. Бірақ бұл ақпарат «тосынсыйларға» жол бермейді деп үміттенеміз», - дейді компания өкілі.

Қызметті пайдалану үшін, алдымен, өз рейсіңізді іздеуіңіз керек. Рейстің кешігуі туралы ақпарат іздеу нәтижелерінің жанында пайда болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!