Google АҚШ-тан тыс тұратын YouTube блогерлері табысынан салық ұстамақшы

14:44, 11 наурыз 2021

© Сурет: Pixabay

Google компаниясы YouTube арқылы табыс табатын видео-блогерлерден салық ұстауға ниеті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаздан бастап салық ұсталуы мүмкін, деп жазады РИА Новости. Блогердің Америка Құрама Штаттары аумағындағы контенті есебінен табатын табысына салық салынады.

Google салық заңдары бойынша, 2021 жылдың маусым айынан бастап АҚШ-тан тыс жақтағы видео авторларынан салық алына басталатынын мәлімдеді.

Google, егер табысыңыз бар болса, одан салық ұстап қалу үшін әрі оның мөлшерін дұрыс анықтау үшін, Сізден AdSense-тегі 2021 жылдың 31 мамырына дейін тиісті салық ақпаратын беруді сұрайды. Егер салық ақпараты 2021 жылдың 31 мамырына дейін берілмесе, Google видео-блогердің YouTube арқылы тапқан дүниежүзілік табысыңыздың 24% -на дейін ұстап қалуды талап етуі мүмкін, деп үндеу жасады компаниядағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!