Головкин жекпе-жектен соң көз жұмған ресейлік боксшыға қатысты пікір білдірді

15:56, 25 шілде 2019

Американдық Youtube каналының TMZ Sports тілшілері бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкинді көшеден тоқтатып, жекпе-жектен соң көз жұмған ресейлік боксшы Максим Дадашевтің қазасы туралы не ойлайтынын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Максим Дадашев жақында Пуэрто-Рико Субриэль Матиаспен қолғап түйістіріп, алған ауыр жарақатына қарамастан жекпе-жекті тоқтатқысы келмеген. Бірақ бапкер оны қалай дегенде көндіріп, ойынды тоқтатқан. Боксшы дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ ол көп ұзамай қайтыс болды.

Сөйтсе бұл жаңалық Головкиннің төбе шашын тік тұрғызыпты.

- Бәлкім, бұл жаңалық көптеген адам үшін қызық шығар. Бірақ мұның бәрі бүкіл бокс қауымы үшін өте қорқынышты. Мен ол жігітті қолдап, оны танитын басқалар сияқты жанкүйер болдым... Қазір оның ата-анасы қандай күйде екенін елестетудің өзі қиын. Болашақта мұндай жайттар қайталанбас үшін бокста бір нәрсені өзгертуге бола ма? Жоқ, бұл мүмкін емес нәрсе. Иә, оны да қайтарып ала алмаймыз ... Бұл өмір, - деді Головкин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!