Голливудта Темір адамның костюмі жоғалды

16:15, 10 мамыр 2018

Костюмнің бағасы 325 000 долларға бағаланды. Ол қоймадан ақпан мен сәуір айы аралығында жоғалғанымен, қызметкерлер қолды болғанын енді ғана байқаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Лос-Анджелес полициясы Темір адам фильмінде Кіші Роберт Дауни киген құны 325 000 доллар болатын костюмді іздестіріп жатыр. Полиция ресми өкілі Кристофер Ноудың хабарлауынша, әлемге әйгілі қызыл-жасыл костюм қоймадан шамамен ақпан-сәуір айларында жоғалған. Қойма қызметкерлері бастапқыда оны кездейсоқ тексермек болып, нәтижесінде жоқ екенін анықтаған.

Жоғалған костюмді Роберт Дауни 2008 жылдан бері Темір адам фильмінде киіп келеді. Сол уақыттан бері ол бұл костюмді 10 фильмде киді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!